ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ БОС ЛАУАЗЫМЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 1 кешкі мектебі» КММ педагог-психолог бос лауазымына байқау жариялайды.
Біліктілік талаптары:
- «Педагогика және психология» бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 10 қазаннан 2022 жылғы 18 қазанға дейін
Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 109 014 теңгеден бастап.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- 10 қосымша нысанына сәйкес байқауға қатысу туралы өтініш (құжат нысаны мектеп сайтында бекітілген);
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (идентификацияүшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты, мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген (бар болса);
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚРДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
- 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы (құжат нысаны мектеп сайтында бекітілген).
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Мекен-жайымыз: Қостанай қ, Ленинградская көшесі, 34 үй. Тел. 8(7142) 21-07-85,
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Байқау үшін 10,11 қосымша |