№1 кешкі мектепте Республика күнін тойлату қарсаңында «Қыран елім-Қазақстаным» атты жалпы мектепішілік іс-шара өтті. Іс-шараға 7-11 сынып оқушылары қатысты. Дәстүрлі түрде іс-шараның басында оқушылар еліміздің әнұранын орындады. Жүргізушілер мерекенің шығу тарихын, соңғы жылдары Қазақстанда қандай өзгерістер болғанын айтып берді. Шара барысында Отанымызды дәріптейтін өлеңдер мен әндер шырқалды.